Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанадағы Qazaq Coffee кофеханасында қазақ тілді мәзір жоқ, бұл туралы 2gis қосымшасына қала тұрғыны жазып, кофехана әкімшілігі орыс тілде жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Qazaq coffee кофеханасына барған азамат қазақ тілінде қызмет көрсетілмегені үшін ескерту жасаған. Ол кофехананың 2GIS парақшасында “қазақ тілінде мәзір жоқ” деп пікір қалдырған.
Бұл пікірге кофехана әкімшілігі орыс тілде жауап беріп, жұмыскерлері қазақ тілде қызмет көрсетуге міндетті емес екендігін айтты:
– Менің персоналым қазақ тілін білуге міндетті емес. Ешбір мекемеде қазақ тілі толыққанды қолданылмайды. Құжаттардың өзі 50-де 50, орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі, – деп жауап берген кофехана әкімшілігі.
Кофехананың бұл жауабы қоғамдық наразылық туғызды. Бұған дейін 2GIS парақшасында 5 балдық жүйемен 4,8 ұпай алған Qazaq Coffee-ге 15 мыңға жуық адам 1 тәулік ішінде дәл осы мәселеге қатысьы пікір қалдырылып, “1” деген баға қойған.
Бүгінде кофехананың парақшасында “уақытша жұмыс істемейді” деп көрсетілген.