Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордада мектеп салуда мемлекетке 25 млн теңге залал келтіргендер анықталды
Жаңалықтар

Қызылордада мектеп салуда мемлекетке 25 млн теңге залал келтіргендер анықталды

29.04.2022
1 мин
0
967

Қызылорда облыстық прокуратурасы тапсырыс беруші мен мердігер мектепті салу барысында мемлекетке 25 млн теңге залал келтіргенін анықтады.

Қызылорда облысының прокуратурасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында облыс орталығындағы 600 орындық мектепті салу барысында заң бұзушылық жөніндегі жарияланымды назарға алған еді. Білім беру орны Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан. Құны - 1 млрд теңге.

«Зерделеу барысында 2018 жылы тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мен мердігер «Ария-Жаңа Астана» ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалғаны анықталды. Облыстық прокуратура тапсырмасы негізінде аталған нысанда Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мамандары тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша онда 25 млн теңгенің жұмысы атқарылмай, мемлекетке залал келгені анықталды», - деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы тапсырыс беруші мен мердігерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Оны жүргізу Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүктелді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл