Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордада үш есірткі зертханасы жойылды
Жаңалықтар

Қызылордада үш есірткі зертханасы жойылды

13.11.2024
1 мин
0
307
Сурет: kazgazeta.kz

Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан үш зертхана жойылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында есірткіге қарсы күрес күшейтілген. Бұл жоба еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып, нәтижесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 287 қылмыстық іс қозғалып, оның 174-і сотқа жолданды.

Қызылорда облысында да осы бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп, есірткі өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толық тоқтатылды. Құқық қорғау органдарының күшімен бұл заңсыз мекемелердің жұмысын жою жұмыстары жүргізіліп, кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, облыста есірткі насихаттайтын жарнамалық сайттар мен граффити жазбаларына қарсы шаралар қабылданып, есірткіні заңсыз жарнамалаған 18 сайт бұғатталды.

Есірткі насихаттау деректері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 299-1-Бабымен (есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың прекурсорларын заңсыз жарнамалау) 18 қылмыстық іс қозғалды.

"Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында есірткіге қарсы ақпараттық жұмыстар да белсенді түрде жүргізілуде. Қоғамға танымал блогерлер әлеуметтік желілер мен пабликтерде есірткіге қарсы үндеулер жариялап, халықты осы мәселенің қауіптілігі туралы ескертуде. Сонымен қатар 34 билборд орнатылып, 835 брошюра мен парақша таратылды.

Жобаның нәтижелерін талқылау мақсатында 2024 жылғы 31 қазанда облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен кеңейтілген Үйлестіру кеңесінде "Нашақорлыққа жол жоқ" мәселесі қаралды. Кеңес барысында облыс әкімі мен облыс прокурорының қатысуымен бірлескен жоспар бекітіліп, қылмыстық қудалау органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл