Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 2023 жылы қызылшаның 30 мыңға жуық жағдайы анықталды. Бұл ауруға қарсы екпе ретінде отандық дәрігерлер Үндістан өндіретін Serum вакциналарын ғана қолданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлімдеді.
Елімізде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді. Оның 79%-ы балалар арасында, деді ол.
«Жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 4%, ересектер арасында 17% құрады. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1900 астам жағдайы тіркелді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен сараптамалық дөңгелек үстелде.
Ресми мәлімет бойынша қызылша ауруымен ауырған жүкті әйелдер саны 54. Баспасөз отырысында республика бойынша 8 жүкті әйел қазір стационарда екені мен екпені кімдерге алуға болмайтыны айтылды.
«Екпе алған адамның қызылшамен ауыруы мүмкін. Бірақ ол тек 2,5-4% ғана кездеседі. Оның өзінде асқыну болмайды, сырқат жеңіл өтеді. Қазақстанда 30 жасқа дейінгі азаматтар екпе ала алады. Медициналық көрсеткіштер бойынша онкогематологиямен ауыратындарға, иммунодефициті барлар мен жүкті әйелдерге және канамецин, неомецин деген дәрілерге аллергиясы бар адамдарға екпе алуға болмайды», - деді медицина ғылымдарының докторы Динагүл Аяпбекқызы.
Тағы көру