Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Қайырымды істер" акциясы басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайырымдылық акциясы барысында дүкендерде арнайы ашылған сөрелерге сатып алушылар мұқтаж жандарға арналған тауарлар үшін ақы төлей алады. Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып "Magnum" дүкендер желісі қолдады.
"Қайырымды істер" акциясына кез келген азамат қатыса алады. Дүкендері бар кәсіпкерлер арнайы сөрелер ашып, сатып алушылар ақы берген азық-түліктің тізімін жасап, тауарды орналастырса болғаны.
Акция аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының дүкендерінде мұқтаж жандарға арналған тегін азық-түлік ұсынатын "жақсылық сөрелері" ашылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала тұрғындары дүкендегі арнайы сөрелерге ең қажетті тауарды қалдырады. Азық-түліктің қатарында нан, май мен жарма бар.
Еске сала кетейік, Instagram әлеуметтік желісінде #Қайырымдылар хэштегі арқылы Рамазан айындағы игі істерді қарауға және өзіңіздің қалаңызда дәл осы акцияны қолдаған дүкендер жайлы бөлісуге болады.
Тағы көру