493.85
571.78
6.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Рамазан себеті: «Dauletten» қайырымдылық қоры 500 отбасыны қуантады
Жаңалықтар

Рамазан себеті: «Dauletten» қайырымдылық қоры 500 отбасыны қуантады

06.03.2026
мин
0
96

«Dauletten» қайырымдылық қоры қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Рамазан себеті» акциясын бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Республикалық акция аясында еліміздің әр өңіріндегі аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріледі. Биыл қор тарапынан жалпы саны 500 отбасыға арналған себет дайындалды. Әр себетке ең қажетті азық-түлік түрлері жинақталған.

Игі шара ең алдымен елордамызда бастау алды. Мұнда 100 отбасыға азық-түлік салынған себеттер табысталды.

Алдағы күндері бұл акция өзге өңірлерде де жалғасады. Атап айтқанда, қор өкілдері Орал, Ақтау, Атырау, Семей, Түркістан, Көкшетау, Алматы және Қызылорда өңірлерінде игі істі жалғастырып, тағы 400 отбасыға «Рамазан себетін» табыстайды.

Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен жанашырлықтың айы. Осындай сәтте жасалған әрбір қайырымды іс мұқтаж жандарға үміт сыйлап, қоғамдағы бірлікті нығайта түседі. «Рамазан себеті» – тек азық-түлік емес, бұл – қолдау мен қамқорлықтың нақты көрінісі.

Бірге жасаған игі іс – мыңдаған отбасының қуанышына айналары сөзсіз. Жақсылық жасап жарысайық!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл