| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру аяқталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауы тиiс.
9 126 850 мың адам референдумға қатысты. Бұл тізімге енгізілгендердің 73,24%-ын құрайды.
Аумақтық комиссиялар Орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.
Орталық референдум комиссиясы хабарлайды:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі төмендегідей:
Абай облысы 75,45 %
Ақмола облысы 79,82 %
Ақтөбе облысы 87,05 %
Алматы облысы 71,46 %
Атырау облысы 74,04 %
Батыс Қазақстан облысы 68,94 %
Жамбыл облысы 85,06 %
Жетісу облысы 78,49 %
Қарағанды облысы 84,30 %
Қостанай облысы 81,21 %
Қызылорда облысы 93,04 %
Маңғыстау облысы 77,89 %
Павлодар облысы 75,51 %
Солтүстік Қазақстан облысы 70,52 %
Түркістан облысы 84,03 %
Ұлытау облысы 73,15 %
Шығыс Қазақстан облысы 86,42 %
Астана қаласы 60,36 %
Алматы қаласы 33,43 %
Шымкент қаласы 75,82 %.