| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Референдум қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа Конституция жобасына қатысты өткен республикалық референдумның қорытынды нәтижелері белгілі болды.
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жариялаған мәліметке сүйенсек, нәтиже осындай:
Дауыс беруге шетелдегі азаматтарды қоса алғанда, 9 127 192 адам қатысқан. Бұл — сайлаушылардың жалпы санының 73,12 пайызын құрайды.
Дауыс бергендердің басым бөлігі ұсынылған өзгерістерді қолдады. Атап айтқанда, 7 954 667 азамат немесе 87,15 пайызы оң таңдау жасаған.