| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Таңғы 10:00-дегі дауыс беру белсенділігі 19,21%-ға жетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда республикалық референдум аясында дауыс беру жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 393 844 азамат өз таңдауын жасап үлгерген.

Жалпы ел бойынша дауыс беруге құқығы бар азаматтардың саны 12 461 796 адамды құрайды. Қазіргі көрсеткіш бойынша қатысу деңгейі 19,21%-ға жетті.
Алдын ала деректерге сәйкес, дауыс беру белсенділігі бірқатар өңірлерде жоғары. Әсіресе Қарағанды, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында тұрғындар референдумға белсенді қатысып жатыр.
Ел бойынша сайлау учаскелері жұмысын жалғастыруда. Дауыс беру кешкі уақытқа дейін жалғасады.