| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Референдумға 20,8 миллиард теңге бөлінетін болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мұны Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник хабарлады. Айтуынша, бұл сома алдын ала есеп бойынша көрсетілген. Әлі Үкіметтің шешімімен нақтыланады екен. Ал қаражаттың 75%-ы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысына жұмсалады дейді.
Сондай-ақ айта кетейік 12 ақпан – 14 наурыз аралығында Референдум бойынша үгіт-насихат кезеңі өтеді.
27 ақпан – 4 наурыз – азаматтарға қай учаскеде және қай уақытта дауыс беретіндігі туралы хабарланады.
14 наурыз – үнсіздік күні, үгіт жүргізуге болмайды.
15 наурыз – дауыс беру күні. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.