464.02
536.18
5.54
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Рекультивация деген желеумен Ұлытауда жасырын кен байыту кешені жұмыс істеген
Жаңалықтар

Рекультивация деген желеумен Ұлытауда жасырын кен байыту кешені жұмыс істеген

14.08.2026
мин
0
88
Сурет: zakon.kz

Ұлытау облысында рекультивация жұмыстары жүргізіліп жатқандай көрсетілген аумақта марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеу ұйымдастырылғаны анықталды. Тергеу мәліметінше, күдіктілер өндірілген концентратты теміржол арқылы шетелге жөнелтіп отырған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеумен байланысты қылмыстық схеманың жолын кесті.

Тергеу барысында күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерде жерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқандай әсер қалдырғаны белгілі болды. Алайда тексеру кезінде аумақта ауыр техника, кенді ұсату және жуу құрылғылары орнатылған өндірістік кешен жұмыс істеп тұрғаны анықталған.

ҚМА мәліметінше, өндірілген кен арнайы өңдеуден өткізіліп, тауарлық концентратқа айналдырылған. Кейін өнім теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге жөнелтіліп отырған. Тиеу және тасымалдау жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру үшін теміржол тұйығы жалға алынған.

Алдын ала есеп бойынша, заңсыз айналымға шығарылған өнім көлемі 23 мың тоннадан асқан. Оның жалпы құны 1 млрд теңгеден жоғары деп бағалануда.

Мамандардың айтуынша, мұндай көлемдегі өндіріс кездейсоқ әрекетке ұқсамайды. Бұл жерде кенді өндіру, өңдеу және экспортқа дейін жеткізу жүйесі алдын ала ұйымдастырылған болуы мүмкін деген болжам қарастырылып жатыр.

Заңсыз жұмыстар салдарынан қоршаған ортаға да зиян келген. Бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру үшін 150 млн теңгеден астам қаражат қажет екені айтылды.

Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл