Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
30 маусым күні Ресей шетел азаматтарының биометриялық деректерін жинауға арналған жаңа жобаны ресми түрде іске қосты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл бастама визасыз туристер үшін бір жыл бойы сынақ тәртібінде жүзеге асырылады. Визасыз режимі бар елдердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарына Ресейге сапар шегуден бұрын Бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесінде тіркеліп, ruID платформасы арқылы кіріс өтінімін беру ұсынылады.
– Шетелдіктерді тіркеудің бұл жаңартылған тәртібі әзірге тек сынақ ретінде қолданылады және Ресей мен Қазақстан арасындағы визасыз режимнің тәртібіне өзгеріс енгізбейді. Ресейге кіру туралы өтінімді ruID қосымшасы арқылы тапсыру – міндетті емес, ерікті шара екенін ескертеміз, – деген болатын бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейге сапар шегетіндерге кемінде 72 сағат бұрын ruID платформасы арқылы электрондық өтінім жолдап, QR-код алу ұсынылады. Платформада бет-әлпетті сканерлеу, төлқұжат суретін жүктеу және дауыс жазу арқылы биометриялық мәліметтерді тапсыру мүмкіндігі бар.
Маңызды жайт
Мұндай өтінімді рәсімдемеу шекарадан өтуге кедергі келтірмейді. Алайда өтінім толтырғандар Ресейдегі онлайн мемлекеттік қызметтерге, мобильді байланыс пен төлем жүйелеріне оңай қол жеткізе алады. Бұл эксперимент визалық тәртіпке, оның ішінде бірыңғай электронды виза ережелеріне әсер етпейді.