Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды әкімдігі Республика күніне орай біржолғы төлем жасайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Біржолғы төлемді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, АИТВ инфекциясы бар балалар, туберкулезбен ауыратын науқастар, барлық топтағы мүгедек адамдар алады.
Нақтыласақ, мүгедектігі бар адамдарға 20 мың теңгеден беріледі. Қарағандыда мүгедектігі бар адамдар саны 22,5 мыңнан асады.
Ал АИТВ-мен ауыратын балаларға 87 мың теңгеден төленеді. Туберкулезбен ауыратын болса 18 мың теңге көлемінде ақша алады.
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 15 мың теңгеден төленеді. Қарағандыда мұндай алты азамат бар. Жауынгерлік әрекеттің ардагерлері мен Чернобыльдағы атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан адамдар 44 мың теңгеден алады.