Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
18-21 сәуір аралығында республикамыздың үш қаласы және 17 аймағында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Интеллектуалды сайыс классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде екі турда өткізіледі. Олимпиада қашықтық форматында жүргізіледі.
Конкурстың ашықтығын және академиялық адалдықты сақтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында тікелей эфир жүргізіледі. Сондай-ақ, олимпиаданы өткізу және қадағалау мақсатында аймақтарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жауапты қызметкерлері жіберілді.
Олимпиаданың қорытындысы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында жарияланады.
Айта кетсек, «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 000 астам оқушы қатысқан. Қорытынды кезеңіне 730 оқушы өтті. Барлығы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 25 команда қатысады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.