Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Рейстер тоқтап, жолдар жабылды: Нұр-Сұлтандағы күн райы қандай?
Жаңалықтар

Рейстер тоқтап, жолдар жабылды: Нұр-Сұлтандағы күн райы қандай?

23.03.2021
1 мин
1
1803

Елордадағы қарлы боран әуе рейстерінің тоқтап, жолдардың жабылуына әкелді.

Нұр-Сұлтанның ПД өкілдері қардың қалың түсуінен жол-көлік оқиғалары орын алмас үшін тәртіп сақшылары қажет шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар полиция көлік жүргізушілерінің барлығына ұялы телефонға 112 нөмірінен келген хабарламаларды ескеріп, көлікпен алыс сапарға шығудан бас тартуға шақырды.

«Ауа райы жағдайларына байланысты Нұр-Сұлтан – Жезқазған рейсі тоқтатылды. Сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Жел күшейеді, екпіні секундына 12-17 метрге дейін жетеді. Ауа райы жағдайына байланысты екі рейс Алматыға жіберілді. Бұл – Шымкент –Нұр-Сұлтан және Қостанай – Нұр-Сұлтан рейсі. Түсіністікпен қарауды сұраймыз, біз жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бәрін жасаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Ол сондай-ақ жолаушыларға әуе рейстері туралы ақпаратты әуе компанияларының сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан қарап отыруға кеңес берді. Содан соң баспасөз хатшысы 20.00-ге дейін аэродром қардан тазарту жұмыстарына байланысты жабылатынын, Қызылорда – Нұр-Сұлтан рейсі Қарағандыдағы аэродромға жіберілгенін айтты.     

Бүгін елордада қар күреуге 960 арнайы техника мен 1700-ден астам жұмысшы шығарылған.

«Бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалыс өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан кейін орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және тағы басқа жерлер тазартылады», – деді мамандар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
а
айткул 24.03.2021
кашан битеди
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл