| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұрсая шағын ауданындағы мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 2013 жылы туған баланы көлік қағып кетті. Дәл осы жерде сәуір айында бірінші сынып оқушысы жол апатынан қаза болған еді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
28 қыркүйек күні сағат 13:30 шамасында Нұрсая шағын ауданындағы мектеп маңында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицияның мәліметінше, Kia Rio көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан 2013 жылы туған баланы қағып кеткен.
Жол апатынан кейін бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұл жерде болған жол апаты алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Биыл 6 сәуірде осы мектептің маңындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде Toyota Hiace шағын автобусы жеті жастағы бірінші сынып оқушысын қағып кеткен. Қыз бала алған жарақатынан қаза тапқан.
Кейін сот жүргізушіні кінәлі деп танып, оны екі жылға бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар бес жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
Қайғылы оқиғадан кейін BINOM мектебінің маңындағы жол қауіпсіздігі мәселесі бірнеше рет көтерілген. Алайда араға бірнеше ай салып, сол өткелде тағы бір баланың көлік қағуы бұл аумақтағы қауіпсіздік шараларына қатысты мәселенің әлі де өзекті екенін көрсетті.