Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан азаматы салық төлеуден жалтарғаны үшін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл шараны Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2018–2020 жылдар аралығында коммерциялық кәсіпорынның директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 миллион теңгеден астам залал келтірген.
Қылмыс жасағаннан кейін ол елден жасырынып, бір жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде болды. Биыл қыркүйек айында күдікті Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы негізінде құқық қорғау органдарына берілді.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу материалдарына сай күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бас прокуратураның мәліметінше, ағымдағы жылы Біріккен Араб Әмірліктерінен іздеуде болған 9 тұлға экстрадицияланған.