| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық өрнекке негізделген «Сақ стилі» сериясы бойынша 500 теңгелік жаңартылған үлгіні таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа үлгідегі 500 теңгелік ақша 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап жаппай айналымға кезең-кезеңімен енгізіледі. Осы уақыт аралығында 2017 жылғы үлгідегі ақшалар жаңа нұсқамен қатар қолданылып, азаматтар үшін ешқандай шектеу қойылмайды.
Параллель айналым мерзімі 2027 жылдың 24 желтоқсанына дейін жалғасады. Осы кезең аяқталған соң ескі үлгідегі ақшаларды банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде үш жыл ішінде жаңасына айырбастау мүмкін болады. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің филиалдары оларды мерзімсіз қабылдай береді.
Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, айналымдағы барлық жаңа және бұрынғы үлгідегі 500 теңгелік ақшалар Қазақстан аумағында заңды төлем құралы болып қала береді.