| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді әскери қызметкерлер бөлімшеде өз талғамына сай тағам таңдай алады. Рационға ұлттық тағамдар қосылып, «ұлттық тағамдар күні» өткізілетін болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әскери бөлімшелерде сарбаздардың тамақтану тәртібіне жаңалық енгізілді: енді олар өз тағамдарын таңдай алады. Рационға ұлттық тағамдар қосылып, арнайы «ұлттық тағамдар күні» өткізіледі. Мәзірде мампар, қуырдақ, палау, ет және бауырсақ сияқты ұлттық тағамдар бар.
Сонымен қатар, бөлімшелерде «швед үстелі» енгізілген. Бұл жүйе сарбаздарға бірнеше тағамның ішінен өз қалауы бойынша таңдау жасауға мүмкіндік береді, ал тағам бағасы өзгеріссіз қалады.
Жаңа жүйе әскерде тамақтануды әртүрлі әрі ыңғайлы етуге бағытталған.