Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сәуірде 1 млн-нан астам адамға вакцина салу жоспарлануда – Цой
Жаңалықтар

Сәуірде 1 млн-нан астам адамға вакцина салу жоспарлануда – Цой

24.03.2021
1 мин
2
899

Биыл наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтілуде, деген ақпарат жарияланды ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың facebook-тегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл ретте егілген адамдардың 1%-ында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде, делінген жазбада.

Министрдің ақпаратынша, халықты одан әрі иммундау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 1 млн-нан астам азамат вакцинацияланатын болады.

Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде. Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады, делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Н
Нургуль 25.03.2021
Вакцинага баримиз неге қарсы шыкпаймыз. Өлсек вакцинадан емес өз ажалымыздан өлгенiмiз дұрыс болар.
Жауап беру
М
Маржан 24.03.2021
Құдай берсін сенің жазаңды Цой ,тағы басқаларың вакцинаға қатысты
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл