| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Семей қаласында ірі көлемдегі есірткі арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ мәліметінше, мамыр айының басында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар нәтижесінде еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің заңсыз айналымы анықталған.
Тінту барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 килограмм болатын аса ірі көлемдегі марихуана тәркіленді. Белгілі болғандай, есірткі заттары Абай облысының аумағында тарату мақсатында алдын ала целлофан қаптамаларына оралған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар өзге де күдіктілерді анықтау және ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов есірткі жеткізу арналарына қарсы күрес қатаң бақылауда екенін атап өтті.
— Есірткі жеткізу арналарын құрудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, — деді ол.