Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Семейде жаңартылған балалар пойызы Бейбітшілік аралында жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Семейде балалар теміржолы қайтадан іске қосылды. Жаңартылған балалар пойызы Бейбітшілік аралында жұмыс істей бастады. Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік ашылып, балаларға арналған түрлі ойын алаңдары мен спорттық аймақтар жасақталды.
Қоғамдық кеңістікте балаларға арналған ойын алаңдарымен қатар футбол, волейбол, стритбол алаңдары және воркаут аймағы бар. Бұл жаңа алаңдар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, балалар теміржолы 1979 жылы ашылған, бірақ 1990 жылдардың ортасында жабылған болатын. Енді теміржол қайта жаңартылып, алғашқы кезеңде ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Пойыз жаңа жолаушыларға Ертіс өзенінің әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.
Тепловоз бен вагондар еліміздің теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалған. Әр вагонның ұзындығы 12 метр болып, 32 орынды қамтиды.