Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Семей маңында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 30 жастағы Динара Досымбекованың денесі табылды, деп хабарлайды dauletten.kz порталы.
Ол биыл 26 мамырда сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданының Ауыл станциясынан Семей қаласына қарай жолға шыққан. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз болған.
Әйелдің жақындары полицияға тек 2 маусымда жүгінген.
«2024 жылғы 2 маусымда «102» каналына Бородулиха ауданының полиция бөліміне ауыл станциясының 59 жастағы тұрғыны 26 мамырда Семей қаласына кеткен 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы іздеуге жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі өлімнің себебі анықталғанын айтты.