| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенат төрағасы алдағы республикалық референдумға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы республикалық референдумға шығарылады. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға. Конституцияның жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі екені сөзсіз, - деді М. Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, аталған бастамалар арқылы Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі қалыптасып келеді. Ол Конституциялық комиссия мен оның құрамындағы Парламент депутаттарының табанды еңбегін ерекше атап өтті. Ауқымды жұмыстың нәтижесінде әзірленген жаңа Ата Заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланатынын жеткізді.
Сондай-ақ Сенат депутаттары алдағы уақытта жаңа Конституция нормаларын халыққа түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, Әділетті Қазақстанның берік негізі қаланатын осы кезеңде қазақстандықтар патриоттық ұстаным танытып, референдумға белсенді қатысуы қажет.