Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сенат вейптерге тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды
Жаңалықтар

Сенат вейптерге тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды

14.03.2024
1 мин
0
856
Фото: top-fon.com

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.

Заң халықты сапалы және толықтай медициналық көмекпен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу арқылы зиянды өтеуге мемлекет кепілдік берген пациенттердің құқықтарын іске асыру, медициналық мамандықтың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әзірленді.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мәліметінше, заңның міндеттері — медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды құқықтық реттеуді енгізу, медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жөніндегі қатынастарды ішінара қылмыстық сипаттан арылту, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, пациенттердің медициналық көмектің сапасын арттыруға құқықтарын қорғау.

Заңмен: 

— медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуге;
— медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін енгізуге;
— медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктер белгілеуге, медициналық мамандықтың мәртебесі мен тартымдылығын арттыруға;
— вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салуды, сондай-ақ шегілмейтін темекі заттарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды жарнамалауға тыйым салуды белгілеуге бағытталған түзетулер ұсынылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін түзетулермен әскери дәрігерлердің әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін ақылы медициналық қызметпен айналысу құқығы бекітіледі. «Резидент-әскери дәрігер» деген жаңа ұғым енгізіледі, осыған байланысты оларды оқыту, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың мерзімі, әскери лауазымға тағайындау және әскери қызметтен босату мәселелері регламенттеледі.

Сонымен қатар «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері», «Өз кәсібінің үздiгі» құрметті атақтарын беру медицина қызметкерінің практикалық қызметке деген сенімін арттыруға және ынталандыруға бағытталған.

Бүгін жалпы отырыста заңды екінші оқылымда талқылау барысында Парламент Сенатында:

— Заңда шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауаптылықтың заңмен белгіленуіне байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды сату, пайдалану, оларға демеушілік көрсету үшін жауаптылықты регламенттейтін нормаларды алып тастауды;

— шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған түрлі іс-шараларды, оның ішінде жүлделер ұтыс ойындарын, лотереяларды өткізуге тыйым салуды белгілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл