| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметтерінен босатылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл ақпаратты өңір әкімдігі растады.
Хабарламада аталған лауазымды тұлғалардың өз еріктерімен жұмыстан кеткені айтылған.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасында жанжал болғаны жөнінде мәлімет тараған еді. Аталған жағдайға байланысты құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастаған.
Кейін бұл оқиғаға қатысты тараптар мен спорт саласының өкілдері өз түсініктемелерін берді.