Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шариғат биткоинге рұқсат бере ме?
Жаңалықтар

Шариғат биткоинге рұқсат бере ме?

27.05.2025
1 мин
0
394
Сурет: muftiyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) биткоинге қатысты үкім шығарған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Басқарманың мәлімдеуінше, биткоин шариғат талаптарына сәйкес келмейді. Бұл тұжырым келесі негіздерге сүйенеді:

Шариғат бойынша ақша заңды төлем құралы ретінде мемлекет тарапынан шығарылып, оның бақылауы мен кепілдігінде болуы қажет.

Ал биткоин бұл талаптарға сай емес. Ол ешбір елдің ұлттық валютасына жатпайды, үкіметтік құрылымдардың кепілдігімен қорғалмайды және нақты активке байланбаған. Бұл — орталықтандырылмаған, тек виртуалды кеңістікте бар ақша бірлігі.

Биткоин бағасы кез келген уақытта күрт өсіп немесе төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай құбылмалы жағдай адамдарға қаржылық зиян келтіреді. Сондықтан ҚМДБ биткоинмен айналысу адамды арам табыс табуға итермелейді деп санайды.

Шариғат бойынша сауда-саттық адал болуы үшін сатушы мен сатып алушы, ақша мен тауар нақты әрі айқын болуы тиіс. Алайда биткоинмен жасалатын операциялар жиі жасырын түрде өтеді. Бұл — шариғат тыйым салған алдау мен алаяқтыққа жол ашуы мүмкін.

ҚМДБ сонымен қатар Мысыр пәтуа комитеті мен Еуразия мұсылмандары пәтуа кеңесінің биткоинге тыйым салған шешімдерін мысалға келтіре отырып, былай деп түйіндейді:

"Биткоин" криптовалютасы белгісіздікке, алаяқтыққа және жеке адамдар мен мемлекетке зиян келтіретіндіктен, оны шариғат бойынша қолдануға тыйым салынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл