Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шетелдіктерден қазақ тілін білуді талап ету керек пе: сенат спикерінің жауабы
Жаңалықтар

Шетелдіктерден қазақ тілін білуді талап ету керек пе: сенат спикерінің жауабы

22.04.2022
1 мин
2
1724

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейінгі уақытта Қазақстанға жаппай келіп жатқан шетелдіктерге Қазақстанның мемлекеттік тілі мен заңдарын білу бойынша ​​қосымша талаптар қоюдың қажеті бар ма деген сұраққа жауап берді.

Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік тілін білу –республиканың әрбір азаматының міндеті әрі борышы.

"Шетел азаматтарына қатысты айтсақ, олар бізге бір-екі айға уақытша келіп, әрі қарай кетуді жоспарласа, "тілімізді үйреніңдер" деу дұрыс емес. Бұл халықаралық құжаттарға қайшы. Егер олар бізде қалып, жұмыс істеуді жоспарласа, онда ел азаматтарымен бірге Конституция талаптарын орындауға, еліміздің заңдарын сақтауға міндетті", - деді Мәулен Әшімбаев.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айында жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған ресейліктердің саны 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 14 есеге өскенін хабарлаған болатын. Егер өткен жылы Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алған болса, 2022 жылдың алғашқы үш айында 12 840 ресейлік ЖСН алған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айтолқын 22.04.2022
Қазақ тілін білу міндеттелсін, емтихан тапсырсыниқазақша! Қазақстанда тұрғаны үшін налог төлесін! Бәрі тегін болса қадірі кетеді! Жұмысқа тұру үшін қазақша тест тапсырсын!
Жауап беру
А
Айна 22.04.2022
Қазақ тілін білу әрбір адамның міндеті. Киелі қазақ жерінде өмір сүргісі келген әр адамның міндеті.Қазақтың жері де тілі де киелі. Киесінен қорқу керек.Еліміз аман тыныш заман болсын. Киелі Қазақстан жасасын.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл