Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысында әйелі түскі ас әзірлемегені үшін оған күш көрсеткен азаматтың ісі сотта қаралды. Ер адам ағаш швабрамен жұбайын ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген, - деп хабарлайды Dauletten.kz Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шиелі аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) іс қозғалып, қаралды. Сот дерегінше, 2025 жылдың 23 ақпанында шамамен 16:40-та Шиелі кентіндегі үйінде ер адам ашуға бой алдырып, заңды некедегі жұбайын түскі асты дайындамағаны үшін еден жууға арналған швабрамен бірнеше рет ұрған. Бұл соққылар әйелдің екі қолына зақым келтіріп, медициналық сараптама жеңіл дәрежелі дене жарақатын растады.
Басты сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Жәбірленуші оны кешіріп, ешқандай талап қоймайтынын, екеуі татуласқанын жеткізді. Сол себепті, соттан қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
Сот Қылмыстық кодекстің 10-бабы 3-бөлігіне сәйкес бұл әрекетті қылмыстық теріс қылық деп танып, ал 68-баптың 1-бөлігіне сай татуласуға байланысты қылмыстық істі тоқтатты.
Шиелі аудандық сотының қаулысына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына байланысты азамат қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды, – делінген сот хабарламасында.