Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда шілдеден бастап сегіз және одан көп баласы бар отбасылардың жәрдемақысы ұлғаяды.
Осы жылдың қаңтарынан көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленіп келеді. Бұл жәрдемақы бала санына қарай сараланған мөлшерде беріледі. Десе де, әлеуметтік төлем жеті баламен, яғни 77 951 теңгемен шектеліп қалған болатын.
13 мамырда президент қолданыстағы жәрдемақыны кеңейтуді көздейтін заңға қол қойды. Оған сәйкес, сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Аталған норма 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.
"Қазір сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшерін қайта есептеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Шілде айында бұл отбасылар жаңа мөлшердегі жәрдемақы алады. Сондай-ақ, қаңтар мен маусым айлары аралығындағы айырмашылық та төленеді", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті басқармасының басшысы Ғалия Жабагина.
8 және одан көп баласы бар отбасыларға арналған жәрдемақы