480.72
548.07
6.14
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ШҚО-да алтынды заңсыз өндіру әрекетінің жолы кесілді
Жаңалықтар

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіру әрекетінің жолы кесілді

30.06.2026
мин
0
49

Ішкі істер министрлігі бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды, оларды заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы қылмыстық схемаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Шығыс Қазақстан облысының аумағында полиция қызметкерлері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің заңды қызметін бүркемелей отырып, құрамында алтыны бар шикізатты заңсыз өндіру мен өңдеуді ұйымдастырған адамдар тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Жедел іс-шараларды жүргізу барысында құқыққа қайшы схеманы ұйымдастырушылар мен басшыларын қоса алғанда 63 адам, сондай-ақ өңір аумағында заңсыз қызметпен айналысқан шет мемлекеттің 13 азаматы ұсталды.

- Жүргізілген тінту шараларының нәтижесінде бірнеше автокөлік пен арнайы техника, ірі көлемдегі қаражат, оның ішінде 40 мың АҚШ долларынан астам қаржы, құрамында алтыны бар шикізат пен алтын, сондай-ақ заңсыз қызметті растайтын құжаттар мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген. Заңсыз қызмет топырақ жамылғысының бұзылуына, табиғи ландшафттың өзгеруіне, жердің бүлінуіне және өңірдің экожүйесіне өзге де теріс әсерлердің туындауына әкеп соққан. Келтірілген экологиялық залалдың мөлшері тағайындалған сараптамалар шеңберінде анықталуда. Бағалы металдардың заңсыз айналымы фактісі, сондай-ақ қылмыстық заңнаманың өзге де баптары, оның ішінде қоршаған ортаға зиян келтіруге байланысты құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Олардың түпкілікті құқықтық саралануы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша берілетін болады. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға, заңсыз схеманың өзге де қатысушыларын әшкерелеуге, сондай-ақ құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл