Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шұжық өнімдерінен доңыз ДНҚ-сы анықталды
Жаңалықтар

Шұжық өнімдерінен доңыз ДНҚ-сы анықталды

14.04.2022
1 мин
0
2016

Солтүстік Қазақстан облысында санитар дәрігерлер мониторинг аясында ет өнімдерінің сынамасын алып, «халал» шұжықтар мен консервілерден шошқа етін тапты.

СҚО бойынша ҚР ДСМ СЭБК Ұлттық сараптама орталығы сынақ зертханасының мәліметінше, мамандар наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында сатылымдағы ет өнімдерінен 38 сынама сатып алды. 

Зерттеу барысында екі түрлі сиыр консервісінен және шұжықтың бір сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды, яғни «халал» белгісі бар бұл өнімдерден шошқаның ДНК-сы табылды. 

Оның барлығы Ресейде әзірленген, соның ішінде Башқұртстан Республикасы «Павлов А.С.» ЖК-нің жартылай ысталған «Мусульманская» шұжығы, «Стандарт» Курганский мясокомбинат» ЖШҚ-нің «Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» және «Орелпродукт» АҚ-ның «Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек етті консервілері бар. 

«Сондай-ақ, құрамында еті бар, тартылған ет салынған «Түскі астық доңыз еті» консервісінен тауық ДНК-сы табылды. Бұл өнім Мәскеу облысы, «Селятино» ет өңдеу зауытында шыққан. Бұл өнімдер талапқа сай келмеуіне байланысты сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді», - делінген баспасөз хабарламасында. 

«Ұлттық сараптама орталығы» СҚО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалау бойынша да бірқатар заң бұзушылықтарға жол берген, оның ішінде заттаңбада көрсетілген сипаттамалар іс жүзінде құрамымен сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл