Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шығармашылық адамдарына қатысты салық жеңілдетіледі
Жаңалықтар

Шығармашылық адамдарына қатысты салық жеңілдетіледі

10.01.2024
1 мин
1
546
Фото: freepic.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде шығармашылық субъектілердің бірқатар салық төлеуден босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлады Dauletten.kz.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының шығармашылық индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Ұлыттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге жүргізілген. 

«Мұндағы мақсатымыз шығармашылық субъектілеріне салықты жеңілдету болды. Осы кешенді жұмыстың нәтижесінде Үкімет қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, 40 қызмет түрі арнайы бөлшек салық режиміне өтті. Бұл дегеніміз – бизнестің КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылғанын білдіреді. Аталған қызмет түрлерімен айналысатын субъектілер енді бірыңғай салықты ғана төлейді. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін 2%-дан 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін болады. Тек компанияның жылдық айналымы 2,2 миллиард теңгеден аспауға, ал штатта 200 адамнан көп болмауға тиіс», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Министрдің пікірінше, салықты жеңілдету кино, бейнеконтент пен телебағдарламаларды өндіруге және кейінгі өндіріске, музыкалық шығармаларға дыбыс жазу мен басып шығаруға, театр және музей өнеріне, сәулет және дизайнға, қолөнер бұйымдарына, халық шығармашылығына және кәдесыйлар өндірісіне әсер етеді.

«Осы қолдау шарасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибені мұқият талдадық. Ең озық елдердің (Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея) тәжірибесі шығармашылық индустрияны дамыту үшін салықты жеңілдетуге ерекше мән беру керектігін көрсетеді. Аталған жұмыс – саланы ауқымды дамытуға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі. Бұл – ұзақ жолдың басы ғана», - деді Аида Балаева.

Сондай-ақ ол аталған жұмыс саланы ауқымды дамытуға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі екенін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
К
Канат 11.01.2024
Сол 40 қызмет түрін қалай білеміз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл