Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте есірткі зертханасы жойылып, 10 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шымкентте тағы бір есірткі зертханасы жойылды. Екі жергілікті тұрғын мегаполис аумағында есірткі өндіру мен сатуды ұйымдастырған.
- Тінту барысында шамамен 10 кг құрғақ ұнтақ түріндегі дайын өнім "Альфа PVP" синтетикалық есірткісі, шамамен 60 литр сұйық өнім, 240 литр химиялық заттар (прекурсорлар мен предпрекурсорлар), сондай-ақ зертханалық жабдықтар (вакуум, реактор, сорғыш, желдеткіштер, сүзгілер, таразы, фольга, гофрлар, колбалар, қыздырғыштар, тоңазытқыш жабдықтары, респираторлар, қолғаптар және т.б.), дайын есірткі өнімдерін кептіруге арналған сөрелер анықталып, тәркіленді, – деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі өндіру және сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған азаматтарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.