Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте 2035 жылға дейін LRT салу жоспарлануда. Бұл туралы брифингте қала әкімі Мұрат Айтенов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоба қаланың бас жоспарына енгізілген, бірақ түпкілікті шешім сызбалар әзірленгеннен кейін қабылданады. Жобаның жүзеге асуы инвесторлардың ұсыныстарына, қолда бар қаражатқа және бюджетке байланысты. Әйтенов биылғы жылы халық санының өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізіліп жатқанын атап өтті. Қала тұрғындарын бір ай ішінде өз ұсыныстарын енгізу шарты қойылды. Мамандардың айтуынша, миллионнан астам қалаға баламалы көлік түрі қажет.