Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент аумағында заңсыз майнингпен айналысқан екі тұрғын бас бостандығынан айырылды. Олар 100 млн теңгеден астам пайда көрген. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР ҚМА қызметкерлері криптовалюта өндіру бойынша заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған шымкенттік екі азаматтың қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі.
2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында аталған екі азамат жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, майнингтік ферма ұйымдастырғаны анықталды. Олардан жалпы сомасы 370 млн теңге болатын 1000 ASIC майнерлер (биткоин өндіру жабдығы) мен заңсыз өндірілген цифрлық активтер (биткоиндар) түріндегі мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ 2 жылға бас бостандығынан айыруға және 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.
Елде жыл басынан бері қылмыстық табысы 400 млн теңгеге жуық заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 фактісі анықталды.