Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкенттің 200-ден астам тұрғыны
Жаңалықтар

Шымкенттің 200-ден астам тұрғыны "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасына 700 млн теңге салған

17.11.2023
1 мин
5
975
Фото: kursiv.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу нәтижесі бойынша Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды. Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді.

"Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз.  Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз", - делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазақстан аумағында "Chia Tai Tianqing" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша барлығы 17 қылмыстық іс қозғалды. Сәуір айында Алматыда компанияның екі белсенді көшбасшысы ұсталған. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
Е
Ерлан 17.11.2023
Менде осы пирамидаға алданып сан согып қалғандардың бірі едім тезирек аділдік орнаса екен акшамыз кайтса екен осыған күнәлі адамдар жазалансын
Жауап беру
Г
Гүлзахира 17.11.2023
Осы чиа тайға алданғандардың бірімін мен де Өзім бір милл бес жүз елу мың қызым бес жүз елу мың әпкем үш жүз елу мың сіңлім төрт миллиондай
Жауап беру
М
Мамаева Жанар Оспановна 17.11.2023
Мен осы перамидага алданып кредитке кирип катты кыйналып калдым менде билгеним жок пирамида екеин
Жауап беру
А
Айнур 17.11.2023
Сәлеметсізбе. Мен осы қаржылық пирамидаға алдандым. Пирамида екенін білмедім. Инвестиция жасайсың да түскен күндік пайдасын алып отырасың деді. Президентіміздің өзін инвестор болып отыр деп айтты. Кытай президентімен қол алысып осы компанияның алдына тұрған суретін койып тура ораза айында алдады. Жалпы историяны карап гуглдан іздегенде осы компания бар болып 100 жылдық тарихы бар екенін біліп жарайды инвестор болайын деп акша салдым. 20 күннен кейін тура Кадір түні күні пирамида екенін біліп алдандым. Негізі ешкашан онлайн табыс интернет магазиндер алдын ала төлеу дегендерге мүлде сенбейтін едім. Енді акшамыз кайтса екен деп үміттеніп отырмыз. Арыздандық. Бірак әле резултат жок.

Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл