Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда су тасқынының үшінші кезеңі басталуы мүмкін: кейбір ауыл тұрғындары көшіріледі
Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда су тасқынының үшінші кезеңі басталуы мүмкін: кейбір ауыл тұрғындары көшіріледі

23.04.2025
1 мин
0
320
Сурет: РИА «Новости»

23 сәуір күні өткен әкімдік отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны ахуалы туралы баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz облыс әкімдігінің ресми дерегіне сүйене отырып. 

Әкімнің айтуынша, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет су тасқынының үшінші толқыны байқалып отыр, Петропавлда тасқын суының шарықтау кезеңі 28–30 сәуірге болжануда.

Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су жылдағыдай жайылма алқаптарға тарауда. Қазіргі уақытта Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай телімдерін су басқан. Бұл жерлерде тұрғындар жоқ, алайда Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері кезекшілікке қойылған.

Ойқала мен Былғары кенттері, сондай-ақ Қызылжар ауданына қарасты Тепличное және Прибрежное ауылдары ерекше бақылауға алынды.

- Су тасқыны толық тоқтағанға дейін жағдай бақылауда болады. Басты міндет — азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау. Барлық тиісті қызметтер жоғары дайындықта болуы тиіс, — деді облыс басшысы.

Есіл өзенінің жайылма аумағында орналасқан Заречный кентінде 6 көпқабатты тұрғын үй, 90 жеке үй, №13 орта мектеп және түзету мекемесі бар.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүлікті қорғау мақсатында Заречный кентінің тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл мақсатта 90 және 72 пәтерлі екі жаңа үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен бірге, жаңа түзету мекемесі мен Копай шағын ауданында 600 орындық мектеп салынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл