Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Соңғы үш жылда Қонаев қаласының бюджеті 4 есе өсті - облыс әкімі
Жаңалықтар

Соңғы үш жылда Қонаев қаласының бюджеті 4 есе өсті - облыс әкімі

13.12.2024
мин
0
346
Сурет: ОКҚ

Соңғы үш жылда Қонаев қаласының бюджеті 4 есе өсті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Облыс әкімінің айтуынша, бюджет 37 млрд теңгеден асты. Бірқатар көрсеткіштер: 133 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді; 900 орындық мектеп салынды; 48 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары ауыстырылып, қасбеттері жөнделді; 61 км инженерлік-жол инфрақұрылымы жаңартылып; 41 аула мен спорт алаңдары, қоғамдық бақтар абаттандырылды. Жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 75 млрд теңгеге 7 нысан іске қосылып, 612 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, балық өнеркәсібі кешені, алма өңдеу және шырын өндіру цехы, 2,2 МВт су электр станциялары. Туристер саны 6,5%-ға өсті.

- Қонаев қаласының кешенді жоспары аясында 187 іс-шараны іске асыру қарастырылған. 2023-2024 жылдары 124 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Мемлекеттік сараптама аяқталған соң құрылыс жұмыстарын бастау мүмкіндігі болады, – деді Алматы облысының әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл