Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сот орындаушылар өндіріп алушылардың ақшасын жымқырған
Жаңалықтар

Сот орындаушылар өндіріп алушылардың ақшасын жымқырған

02.09.2025
1 мин
1
429
Сурет: ашық дереккөз

Астана қаласының прокуратурасы екі жеке сот орындаушысының әкімшілік айыппұлды өтеуге арналған қаражатты заңсыз иемдену фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тексеру нәтижесінде олардың екі жыл бойы сот актілерін орындау барысында мемлекет қазынасына түсуі тиіс қаржыны жымқырып, жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қаражаты да заңсыз пайдаланылған. Жалпы шығын көлемі 26 миллион теңгеден асқан.

Қазіргі таңда аталған сот орындаушылары келтірілген шығынды толық өтеді. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу нәтижесіне сәйкес уәкілетті орган олардың лицензияларын қайтарып алу мәселесін қарастырады.

Прокуратура бұл жағдайға байланысты алдағы уақытта ұқсас құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қарыз сомаларын тікелей өндіріп алушыларға аудару және атқарушылық санкцияларды есептеу кезінде жасанды интеллектті қолдануды ұсынды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Аяулы 03.09.2025
Баріміздің акшамызды алған сот орындаушы мойындамай
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл