Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Спорттық жарыстарға қатысу үшін белгіленген ең төменгі жас шегі қандай?
Жаңалықтар

Спорттық жарыстарға қатысу үшін белгіленген ең төменгі жас шегі қандай?

28.07.2025
мин
0
197
Сурет: culture.ru

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан "балаларға спортпен айналысуға тыйым салу" жөніндегі ақпараттарға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Аталған мәлімдемелер 2025 жылғы 16 шілдеде бекітілген №133 бұйрыққа сәйкес келмейді. Бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады. Жарыстар – спорттық дайындықтың бір бөлігі ретінде белгілі бір физикалық және эмоциялық жүктемелермен байланысты. Осыған орай, министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі.

Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қауіпін азайтуға бағытталған. Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсынысы негізінде әзірленіп, денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және халықаралық стандарттарға сай келеді. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды. Осылайша, "спортпен айналысуға тыйым салынды" деген хабарламалар шындыққа жанаспайды.

Бұл жерде тек жарыстарға қатысуға қойылатын жас талаптары туралы айтылып отыр. Жас ерекшеліктеріне байланысты қойылған шектеулер жөніндегі толық ақпарат жоғарыдағы кестеде көрсетілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл