Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылжар ауданының пробация қызметі волонтерлермен және Қызылжар ауданының көші-қон қызметімен бірге 44 жастағы сотталғанға жеке куәлікті ресімдеуге көмектесті.
Ер адам Ресейде туған. Жасөспірім шағында анасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған, алайда кейін анасы оны тастап кеткен. Қамқоршысының болмауына байланысты құжат ала алмаған.
Сот оны туу туралы куәлік негізінде соттаған. Одан басқа қолында ешқандай құжаты жоқ. Бізге пробация қызметіне тіркелісімен, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсеттік. Көші-қон қызметіне тиісті құжаттарды тапсырдық, олар Ресейге сұрау салды. Растайтын құжаттар келісімен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жеке куәлігін алдық.СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Ерлан Арынғазинов.
Маманның айтуынша, мұндай жағдайда құжатты ресімдеу үшін азаматты 15 жылдан артық білетін адамдар куәлік етуі керек.
Оны 15 жылдан бері білетін адамдарды іздедік, бұрынғы тұрғылықты жеріне барып, тұрғындармен сөйлестік. Олардан түсініктеме алдық. Кейін барлық растайтын құжаттарды көші-қон қызметіне тапсырдық.Ерлан Арынғазинов
Жеке куәлік алған ер адам енді жұмысқа орналаспақ ниетте.
Бүгін ерекше күн. Жеке куәлік алып жатырмын. Құжатсыз қиын, ешқандай көмек ала алмайсың. Енді ресми түрде жұмысқа тұрамын.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бастап СҚО пробация қызметі бөлімдерінің инспекторлары бір адамға алғаш рет жеке куәлігін алуға, бір сотталған адамның жеке куәлігін қайта қалпына келтіруге көмектесіпті.