| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір фермердің қазасы тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
57 жастағы жергілікті фермер өз үйінде аңшы мылтығымен өз-өзіне оқ атқан. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қазір құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұмның өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық немесе жеке себептер әсер етуі мүмкін.
Бұл — соңғы екі аптада өңірде болған екінші осындай оқиға. Бұған дейін дәл осы аудандағы Докучаево ауылында жергілікті тұрғын бұрынғы жұмыс берушісі, «БурБат» ЖШС басшысы Азамат Батановты атып өлтірген болатын. Ол жалақы қарызын талап етуге келгені хабарланған.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды қиын жағдайда көмек сұрауға және мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алуға шақырады.