Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
СҚО-да қуаттылығы 370 мың тонна майлы дақылдар шығаратын май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылады.
Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған.
Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды.
Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңында жоспарланып отыр. Жобаның құны – 34 млрд теңге.