| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Солтүстік Қазақстан облысында Астана – Петропавл тас жолында болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы себеп болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайғылы жол апаты 8 қаңтар күні республикалық маңызы бар Астана – Петропавл бағытындағы тас жолда тіркелді. «Toyota Camry» маркалы көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, оған қарама-қарсы келе жатқан «Shacman» жүк көлігімен соқтығысқан.
Соқтығыс салдары ауыр болды. Жеңіл көлікте отырған төрт адам — 2001 жылы туған жүргізуші мен 1962, 2008 және 2011 жылдары туған жолаушылар оқиға орнында көз жұмды.
Апат дерегі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Қазір жол апатының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.