Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сұлтан Сүлейменнің рөлін сомдаған актер сотталды
Жаңалықтар

Сұлтан Сүлейменнің рөлін сомдаған актер сотталды

27.05.2025
1 мин
0
59

Танымал түрік актерлері — "Сұлтан Сүлеймен" телехикаясында Сүлеймен сұлтанның бейнесін сомдаған Халит Эргенч пен "Чукур" сериалының жұлдызы Рыза Коджаоғлу сот үкіміне тартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Олар Ыстамбұлда өткен наразылық шараларына қатысты қозғалған іс бойынша жалған куәлік берді деп танылды. Сот шешімімен Халит Эргенч 1 жыл, 10 ай 15 күнге, ал Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Алайда үкімнің орындалуы кейінге қалдырылды. Бұл жағдай сот шешімінің алдағы уақытта өзгертілуі мүмкін екенін көрсетеді.

Іс туралы толық ақпарат ресми түрде жарияланбағанымен, белгілісі — екі актер де тергеу барысында куәгер ретінде шақырылып, шындыққа жанаспайтын мәлімет берген. Осы жайт олардың кінәлі деп танылуына негіз болды.

Аталған қылмыстық іс 2013 жылы Ыстамбұлдағы Гези саябағында басталған экологиялық наразылықтан туындап, кейінірек бүкіл елді қамтыған үкіметке қарсы ірі наразылық шерулеріне ұласқан оқиғалармен байланысты.

Бұл жаңалық қоғамда, әсіресе өнер адамдарының жанкүйерлері арасында үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде сот шешімі қызу талқыланып, көпшілік актерлерге қолдау білдіріп, үкімнің әділеттілігіне күмән келтіруде.

Айта кетейік, Халит Эргенч "Мың бір түн», "Сұлтан Сүлеймен" ("Ғажайып ғасыр"), "Сен — менің Отаным", "Қызыл Ыстамбұл", "Вавилон" сынды бірқатар танымал жобаларда басты рөлдерді сомдаған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл