Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналар мен отбасыларға, оның ішінде аз қамтылғандарға біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік көмек мөлшері 2,5 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), яғни 9 830 теңге болып белгіленді. Бұл төлем шамамен 36 мың көпбалалы анаға беріледі деп жоспарлануда. Төлемдер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады. Көмек Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналар мен отбасыларға, соның ішінде аз қамтылғандарға бағытталады.
Айта кету керек, бұл әлеуметтік көмек Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің қағидалары" негізінде жүзеге асырылуда.