Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
“Қарасора - 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірлесіп, Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғынын есірткі таратқаны үшін ұстады. Күдікті Toyota Yaris автокөлігін тексеру барысында құрықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жетісу облыстық ПД-ның мәліметінше, тексеру барысында көлікте ерекше иісі бар ақ зат салынған қапшық табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың мефедрон есірткісі екені расталды. Салмағы - 1 келі. Оның қара нарықтағы құны - 20 миллион теңге. Осылайша полиция қызметкерлері "синтетиканың" 2 мың дозасының заңсыз айналымға өтуіне тосқауыл болды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Полиция есірткі заттарын өндіру, сақтау, тасымалдау және аса ірі мөлшерде өткізу сияқты заңсыз әрекеттері үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.