| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Акция жұмысы нәтижесінде Республика көлемінде 3 миллионнан аса ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7 миллионнан астам адам қатысып, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылды.
«Таза Қазақстан» экоакциясы шеңберінде 1294 шара ұйымдастырылып, оған 7 миллион адам, оның ішінде 781 мың ерікті қатысқан. Акция барысында 844 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, кең көлемді аумақтар тазартылды, сонымен қатар 3 миллион ағаш отырғызылды.
- Экологиялық жауапкершілікті және қоршаған ортаға саналы көзқарасты арттыру мақсатында республика бойынша эко-сағаттар мен дәрістер ұйымдастырылып, онда экология департаменттерінің басшылары мен мамандары дәріс өткізді. Сонымен қатар өнеркәсіптік нысандар мен департаменттердің аналитикалық зертханаларына таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға білім беру ұйымдарынан 5 мыңнан астам студент қатысты. Ішкі істер органдары экология департаменттерімен бірлесіп, өткен жылдың сәуір айынан бастап рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мен сарқынды суды ағызуға жол бермеуге бағытталған республикалық акция аясында жүзеге асыруда. 1336 мобильді топ құрылып, 1473 экоактивист пен 541 блогердің қатысуымен 109 мыңнан астам рейд өткізілді, - деді спикер.