| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов Үкімет отырысында халыққа тегін беріліп келген кейбір дәрілерді Қазақстан аумағында тіркеу уақытша тоқтатылғанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында елімізде 2 зертхана жұмыс істейді.
— Биыл 1 723 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша 43 дәрілік заттарда сәйкессіздік анықталып, олар нарықтан алынып тасталды, — деді Тимур Мұратов
Министрлік тұрғындарға тегін берілетін 3 500 дәрілерінің тиімділігі мен қолдану барысындағы тәуекелдерді бағалап, 20%-ынан сәйкессіздік анықтаған.
— Осыған байланысты өндірушілер тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізіп, ал күрделі жағдайларда препараттың тіркелуі уақытша тоқтатылады, — деді Тимур Мұратов.